Денемен бірге жанды емдеу

Денемен бірге жанды емдеу

Семей қаласының № 1 емханасындағы ШЖҚ КМК жанындағы Жастар денсаулық орталығында  2023 жылдың 7 желтоқсанында м.ғ.к. Әділғожина Салтанат Мұратбекқызы мен психологом Айслу Төлеубаеваның басшылығымен 5432 топ студенттерімен эмоциональды және моральдық жағдаймен жұмыс жасау мақсатында психологпен сағат өтті. Рефлексия барысында психолог ассоциациялармен, метафоралармен және аффирмациялармен байланысты қызықты ойындар өткізді. 5432-ші топ студенттері психологпен белсенді қарым-қатынас жасап, түрлі сұрақтарға жауап беріп, өздерін мазалаған ойларымен бөлісті. Өткізілген сағат білім алушыларды тәнті етіп, әркімнің бойында түрлі эмоцияларды және ең бастысы жеңілдік сезімін тудырды. Психологпен өткен уақыт студенттерге тек физикалық қана емес, сонымен қатар өзінің эмоционалдық денсаулығына да қамқорлық пен жұмыстың маңыздылығын көрсетті. Пациенттермен жұмыс жасаудың үлкен тәжірибесі жоқ болашақ жас дәрігерлерге психологпен өткен небәрі 60 минут адамның ішкі-жан дүниесін тән аурулармен бірге емдеудің өзектілігін дәлелдеді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: