“Ерте жүктіліктің алдын-алу” дәрісі

“Ерте жүктіліктің алдын-алу” дәрісі

Осы жылдың қараша айының 28-і күні “Семей медицина университетінің” КеАҚ Өскемен филиалының оқытушысы, акушер-гинеколог маман Слямханова Надира Слямхановна 734 топ интерн-дәрігерлерімен бірлесіп «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінде» КММ ААҚ мектеп оқушыларына “Ерте жүктіліктің алдын-алу” тақырыбында дәріс оқыды.

Мектеп оқушыларына дәріс барысында жастарға адам өміріндегі отбасының рөлін, болашақта отбасыны дұрыс құруды жоспарлау, жауапкершілікті сезіну туралы кеңестер берілді.

Репродуктивті жүйе, дене дамуы жане психологиялық денсаулық сақтау дағдылары, жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулар, денсаулыққа зиян келтіретін факторлар тақырыбында жасөспірім қыздардарға танымдық ақпараттар ұсынылды. Дәріс соңында кері байланыс алынып, мектеп оқушыларының осы тақырып бойынша қойылған сұрақтарына жауап беріліп, жыныстық байланыстарды ерте бастаудың себеп-салдарын, оның денсаулыққа зияны мен зардабын мысалмен келтіре отырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір