2023 жылдың 8 қарашасында м.ғ.к. Әділғожина Салтанат Мұратбекқызының жетекшілігімен 5432 топ студенттерімен кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатта «Гендерлік теңдік Қазақстан қоғамы табысының кепілі» тақырыбы талқыланды. Қазақстан БҰҰ-ға мүше елдер арасындағы прогресті өлшеу және нәтижелерді салыстыру үшін қолданылатын халықаралық индикаторлар бойынша гендерлік теңдікке бет бұруда. Гендерлік даму индексі бойынша БҰҰ-ның 2021-2022 жылдардағы адам дамуы туралы жыл сайынғы баяндамасында Қазақстан ерлер мен әйелдер арасындағы Адам дамуы индексінің (АДИ) жетістіктері бойынша өте жоғары теңдікке ие елдердің 1-ші тобына кіреді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]