«СМУ» КеАҚ Өскемен филиалының 634 ЖТД топ интерн-дәрігерлері «Акушерия және гинекология» пәнінің оқытушысы М.Қ. Жунусовамен бірге КММ «Оқу- өндірістік комбинатының» оқушаларымен кәсіптік бағдар беру жұмысына арналған кездесу өткізді. Бүгінгі оқушыға өндірістік бағдар беру келешекте дұрыс мамандық жолын таңдауға мүмкіндік береді.Өйткені кәсіптік бағдар беру іс-шаралары жұмысқа дайындықты қалыптастырады және мансап жолын таңдауға көмектеседі. Медициналық мамандық өз ісіне деген ерекше ықыласты, төзімділік пен үнемі ізденісті талап ететін мамандық, бұл салада кездейсоқ адамдардың болуы орынсыз. Оқушыларға Дәрігер мамандығының маңыздылығы түсіндірілді, кері байланыс алынды, оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды. Орап- таңу бойынша мастер- класс көрсетілді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]