Госпиталды хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасында «Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалды жастары» атты «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай интеллектуалды спорт түрлеріне жататын тоғызқұмалақ, шахмат және дойбы ойындарынан 7R01116 «Жалпы хирургия», 7R01135 «Анестезиология және реаниматология» мамандықтары бойынша резиренттер арасында кафедра ішілік біріншілік өтті. Жалпы жарысқа 12 резидент қатысты. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Жарысты ұйымдастырушылар кафеда ассистенттері MD.PhD Әуенов М.Ә., MD.PhD Абдрахманов С.Т. және Масалов А.Е.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған ойын өз мәресіне жеттті. Төрешілердің шешімімен орындар тағайындалып, жеңімпаздар анықталды. Жарыс нәтижесі бойынша:
- Тоғызқұмалақ ойыны бойынша І орынды – Балтек Әли (7R01116 «Жалпы хирургия») ; ІІ орынды – Бақыт Нұрақымет (7R01116 «Жалпы хирургия»); ІІІ орынды Раймбек Ерасыл (7R01135 «Анестезиология және реаниматология») алды.
- Шахмат ойыны бойынша І орынды – Сагидоллаев Алишер (7R01116 «Жалпы хирургия»); ІІ орынды – Қадысов Танатар (7R01116 «Жалпы хирургия»); ІІІ орынды Қасенов Әділет (7R01135 «Анестезиология және реаниматология») алды.
- Дойбы ойыны бойынша І орынды – Рамазанов Рахым (7R01135 «Анестезиология және реаниматология»); ІІ орынды – Балтек Әли (7R01116 «Жалпы хирургия»); ІІІ орынды Бақыт Нұрақымет (7R01116 «Жалпы хирургия») алды.
Барша жеңімпаз резиденттерді кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Аймағамбетов Мейрбек Жақсыбекұлы құттықтап, мақтау қағазы және естелік сыйлықтар табыс етілді. Аталған барша жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтаймыз![/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]