Қазіргі уақытта Қазақстанда дәрігер-лаборанттардың тапшылығы байқалады. Сондықтан Семей медицина университетінде «Клиникалық зертханалық диагностика» резидентура мамандығын ашу және 2023 жылы резиденттерді даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын алу өзекті және уақтылы болып табылады. Қазіргі уақытта 8 резидент оқиды, олар Семей, Өскемен және Павлодар қалаларында медициналық мекемелерінің клиникалық-диагностикалық зертханаларында жұмыс істейді.
Резиденттерді оқыту теория мен практиканың интеграциясын қарастырады. Академиялық тәлімгер м.ғ.к., жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасы доцентінің л.а., жоғары санатты дәрігер-лаборант Н.К. Құдайбергенова болып табылады. Теориялық сабақтарда зертханалық зерттеулер жүргізудің заманауи әдістері талқыланады.
Резиденттің практикалық жұмысы клиникалық базалардың клиникалық-диагностикалық зертханаларында (зертханалық зерттеулерді орындау, сапаға бақылау жүргізу, зерттеу нәтижелерін түсіндіру, медициналық ақпараттық жүйелерде (БМАЖ, ЛАЖ) жұмыс істеу, есептік құжаттарды ресімдеу) практикалық денсаулық сақтаудан тәжірибелі клиникалық тәлімгерлердің басшылығымен жүзеге асырылады.
Семей қаласында резиденттерді даярлаудың негізгі клиникалық базасы «СМУ» КеАҚ университеттік госпиталі болып табылады. Клиникалық тәлімгерлер жоғары санатты дәрігер-лаборанттар Попова Н.П. және Исмаилова Б.К. Сондай-ақ резиденттер Семей қаласының “№7 емханасында” жұмыс орнында оқудан өтеді, онда клиникалық тәлімгер Абай облысының бас штаттан тыс дәрігер-лаборанты, орталықтандырылған-медициналық зертханасының меңгерушісі Сұлтанова Р.С. болып табылады.
Өскемен филиалында оқитын резиденттер зертхана меңгерушісі А.В. Нуралдинованың басшылығымен Өскемен қаласының № 4 қалалық ауруханасының базасында жұмыс істейді. Фахрутдинова Н.З., зертханада жаңа әдістемелерді жақсы меңгерген маман, Павлодар облысы ДСБ штаттан тыс зертханашысы, “Павлодар қаласының № 5 емханасы” КДЛ меңгерушісі клиникалық тәлімгері болып табылады.
Медициналық мекемелер сапалы зертханалық диагностика жүргізу үшін барлық қажетті заманауи жабдықтармен және аппаратурамен жабдықталған. Клиникалық базалар кең бөлім профилі бар, бұл резиденттерге әртүрлі патологиясы бар науқастарда жеткілікті зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Осылайша, тәжірибелі клиникалық тәлімгерлердің жетекшілігімен резидент дәрігерлер арнайы білім алып, практикалық дағдыларды шыңдайды.[/vc_column_text]