Балалар жұқпалы аурулары кафедрасында, 21 желтоқсан күні кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М. басқаруымен «Балалардағы вирустық ішек инфекциялары. Балалардағы экзикозбен токсикоз» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға облыстық фтизиопульмонология орталығының дәрігерлері – балалар инфекционистері, резиденттер – инфекционистер, интерндер – 613 және 614 топтағы ЖТД қатысты.
Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі Эфендиев И.М. кіріспе сөз сөйледі.
Жедел ішек инфекциялары балалық шақтағы жұқпалы патологиялар арасында жетекші орындардың бірін алады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде 1 миллиардтан астам адам асқазан-ішек жолдарының жіті жұқпалы ауруларымен (диарея) зардап шегеді, оның 65-70%-ы 5 жасқа дейінгі балалар (https://medconfer.com/node/19153).
Кафедра ассистенті Мансурова А.А. «Балалардағы вирустық ішек инфекциялары» атты баяндама жасады. Презентацияны кафедра ассистенті Т.Д.Далелканова жалғастырып, тыңдаушылар назарына балалардағы сусызданудың даму механизмін, клиникасын, бағалауын, терапиясын таныстырды.
Соңында семинарға қатысушылар сұрақтарын қойып, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы:
Эфендиев И.М., Мансурова А.А., Дәлелқанова Т.Д.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]