«Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі» КМКК Тәуелсіздік күніне орай «Елдің тәуелсіздігі-бейбітшілікке, прогреске жане өркендеуге апаратын жол» атты диалог алаңы өтті. Әрбір халық үшін Тәуелсіздік күні- жүздеген беттік тарих пен өз еліне деген шынайы махаббатты біріктірген ерекше мереке. Диалог алаңы барысында Семей медицина университетінің студенттері “Стоматология” мамандығының 1315 тобы студенті Дүкенбай Мирас тәуелсіздік алғанға дейінгі еліміздің медицина саласының жағдайы туралы және Кенес Арсен 1991-2023 жылдар аралығындағы еліміздегі медицина саласының дамуын мен жетістерін, “Қоғамдық денсаулық” мамандығының 101 тобының студенті Жеткербаев Мирас медицина саласы бойынша еліміздің алға қойған мақсаттары мен жаңа технологиялар жайында сөз қозғап, Дукенбай Мирас “Адай” күйін ойнады. Диалог соңында КеАҚ “Семей медициналық университеті” атынан Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызы барша қазақстандықтарды және «Қоғамдык келісім орталығы – Достық үйі қызметкерлері мен шараға қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.