Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасында ашық сабақ өткізу

Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасында ашық сабақ өткізу

22.11.2023 ж., балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Рахимбаева С.Ж. «Педиатрия» мамандығының 3301 тобының студенттерімен «Балалық шақ ауруларының пропедевтикасы» пәні бойынша «Әртүрлі жастағы балалардағы зәр шығару  шығару  жуйесіесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.  Балалардың зәр шығару жүйесін зерттеу әдістері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың мақсаты: оқытушының біліктілігін көрсету, оқыту шеберлігін бағалау және жетілдіру. Ашық  сабағына м.ғ.к, терапия кафедрасының доценті Есімбекова Е.И қатысты. Сабақ барысында сабақ жүргізу әдстерін, тақырып талдаудың толықтығын, оқушылардың білімді меңгеруін, дайындығын, қызығушылығын бағалады. Сабақ оқытудың әртүрлі интерактивті әдістерін қолдану арқылы  өткізілді: тақырыптың негізгі мәселелерін теориялық талдау, кейстерді қолдану арқылы «Миға шабуыл», топтық жұмыс, науқастың төсегінде тәжірибеліқ дағдыларды көрсету және игеру, қорытынды тестілеу. Тәжірибелік сабақ мультимедиялық жүйе, презентациялар, микрокестелер, иллюстрациялар, науқастың ауру тарихы, сондай-ақ науқасты қарап тексеру арқылы жүргізілді. Студенттер барлық кезеңдерге белсенді қатысып, теориялық және тәжірибелік дайындықтарын көрсетті. Студенттерден кері байланыс: сабақ танымдылық мәні зор болды, курация барысында тәжірибелік дағдыларды меңгердік. Сабақтын сонында пайдалы кеңестер мен ұсыныстар берілді. Жалпы ашық сабақ қызықты өтті, барлық мақсаттар орындалды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз