Қайырымдылық — адамның асыл қасиеті

Қайырымдылық — адамның асыл қасиеті

Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі.

2023 жылдың 12 желтоқсанында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Рахыжанова С.О және оқытушы Шакабаева А.А кураторлық тобы«Педиатрия» 2431 топ студенттерімен «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» КМҚК-ға барды.

Мекеменің қызметкерлері жылы көз- қараспен қарсы алды. Еліміздегі қазіргі эпидемиялогиялық ахуалға байланысты, балалармен кездестіре алмайтындарын айтты. Бірақ  балалар үйінің қызметкерлері біздің қолымызды қайтармай тәрбиешілермен сұхбаттасуға мүмкіндік берді. Кураторлық топ атынан балалар үйіне спонсорлық көмек көрсеттік.

Осы заманда өте ауыр да, жауапты да іс  екенін біле тұра, мекеме қызметкерлеріне қажымас қайрат, асыл еңбектеріне ризашылығымызды білдіреміз.

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір