Самарқандқа саяхат

Самарқандқа саяхат

Желтоқсан айының 15-16 күндері Самарқандта медициналық жоғары оқу орындарының студенттері үшін 4-ші «Самарқанд-2020» Халықаралық олимпиада өтті. Оған Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Н.М. Уразалинаның жетекшілігімен «Жалпы медицина», «Фармация» мамандықтарының 1-ші курстан 6-шы курсқа дейінгі 11 білім алушыдан тұратын біздің делегация қатысты.
«Самарқанд-2020» олимпиадасының мақсаты – медицина мен іргелі ғылымдардың түрлі салаларындағы білімді дәріптеу, сондай-ақ студенттердің оқу қызметі мен ғылымға деген қызығушылығын арттыру, студенттердің ғылыми және шығармашылық әлеуетін танытуына мүмкіндіктер жасау.
Бізді вокзалдан Самарқанд медицина университеті емдеу факультеті деканатының және студенттік өзін-өзі басқарудың құрылымының өкілдері қарсы алды. Қонақ үйге орналасқаннан кейін студенттер жетекшімен бірге Самарқанд қаласының көрікті жерлерін аралады. Шаһардың 2500 жылдан асатын бай тарихы бар. Қаланың көнеден жеткен тарихи-архитектуралық нысандарының көркі тамсандырмай қоймайды.
Самарқанд қаласының Жастар сарайында олимпиаданың ашылуы керемет өтті.
Олимпиадаға жақын және алыс шетелдердің 10-нан астам елінен 38 студенттік делегация келді. Олимпиаданың салтанатты ашылуы мен түскі астан кейін студенттер пәндер бойынша бөлінді. Олимпиада бағдарламасы 3 кезеңнен тұрды: тестілеу, ситуациялық мәселені шешу және практикалық дағдыларды меңгеру деңгейін көрсету. Сондай-ақ, жас ғалымдар арасында ғылыми жобалар байқауы өткізілді. Конкурсқа қатысқандар талапқа сай өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсынып баяндама жасады. Біздің барлық студенттер тестілеуден сәтті өтіп шекті деңгейден (70% – дан астам) жоғары бал жинады және ары қарай олимпиаданың қалған кезеңдеріне білімдерін сынға салу мүмкіндігіне ие болды.
Екінші күні олимпиада қорытындысы шығарылды. Отоларингология бойынша 3-орынды «Жалпы медицина» факультетінің 6-курс студенті Сейтжапарова Малика иеленді. Ғылыми жетекшісі-Оспанов Ерлан Әбеуханұлы. Балалар ауруларының пропедевтикасы бойынша-3-орынға «Жалпы медицина» факультетінің 5 – курс студенті Сағындықова Гүлнұр лайық деп танылды. Ғылыми жетекшісі Тоқтабаева Бақытгүл Жұмағалиқызы. Микробиология бойынша 3-орынды фармацевтика факультетінің 3 курс студенті Еркежан Абжатова иеленді. Ғылыми жетекшісі Фарида Серғазықызы Рахимжанова. Барлық турлардың қорытындысы бойынша біздің студенттер түрлі номинациялардың иегерлері атанды. Ғылыми жобалар байқауында «Абсолютті чемпион» номинациясы бойынша «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенті Биболов Елнұр марапатталды. Ғылыми жетекшілері – Қазымов Мақсұт Советұлы және Нұртазина Алма Уахитқызы. Ғылыми жобаны қорғау ағылшын тілінде өтті.
Олимпиаданың салтанатты жабылуында Басқарма төрағасы-ректор А.А. Дюсуповтың атынан Самарқанд медицина университетінің басшысы Ж. А. Ризаевқа естелікке картина табыс етілді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз