Қадірлі әріптестер! Қымбатты білім алушылар!
Сіздерді шын жүректен Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Босағадан аттағалы отырған 2024 жыл бақыт пен береке ала келсін! Баршаларыңыздың қызмет пен оқуда биік белестерді бағындырып, ойға алған ізгі мақсаттарыңыздың, жоспарларыңыздың орындалуына тілектеспін! Жаңа жылда қуанышты, жарқын сәттер көп болсын! Сіздерге зор денсаулық, ырыс пен шаттық тілеймін!
Ізгі ниетпен, Басқарма Төрағасы – Ректор А.А. Дюсупов