Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған кураторлық сағат

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған кураторлық сағат

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланды және жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде бүгінде саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да бар. Ол қоғамның экономикалық дамуын бәсеңдетеді және мемлекеттік іргетастарға нұқсан келтіреді. Сондықтан бұл күні әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған демонстрациялар, кездесулер, конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізіледі. Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу – мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басымдылығын нақты көрсеткен мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі.

2023 жылдың 20 желтоқсанында м.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында «Стоматология» мамандығының 208 тобының студенттері «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын дамыту, адамгершілік нормаларға деген оң көзқарасты тәрбиелеу, құқықтық сана деңгейін арттыру. Кураторлық сағатта сыбайлас жемқорлыққа қатысты материалдардан тұратын презентация көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру рухында тәрбиелеу бойынша сұрақтар қойылды.

Қоғамның белсенді қатысуынсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлықпен табысты күресу үшін жауапкершілік тек мемлекетке ғана емес, қоғамға, әрбір жеке азаматқа жүктеледі. Студенттердің алған білімдері олардың өмірде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне түспеуіне көмектеседі деп сенгіміз келеді.

М.ғ.д., профессор С.О.Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы К.Т.Сыдықова[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]