Семей медициналық университетінің «Стоматология» мамандығының 1315 кураторлық тобымен және куратор Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызымен «Оян, Қазақ!» Қазақстандық кино туындысын тамашалап қайттық. Фильмде Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды. Міржақып Дулатұлының «Оян, Қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы сериалда кезек баяндады. Көркем фильм ұрпақтың патриоттық рухын көтеруге және қазақтың өткен тарихын жастарымыздың біліп жүруіне сонымен қатар рухани дүние танымын қалыптастыруға бағытталады. Бұл фильмге Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызың бастауымен топ болып көріп қайттық. Кураторымыз бізді осындай тарихи фильмге апаруының арқасында тар заманның қиыншылығы көзімізге оттай басылып , жүректі тебірентті. Ұлы тұлғаларымыздың тағдыры қиын болғанына жүрегіміз ауырып, жылап алдық, өйткені бұл біздің тарих. Құдды бір, Алаш кезеңіне сапар шеккендей болдық. Алған әсеріміз өте ерекше.