Балалар жұқпалы аурулары кафедрасында 26 желтоқсан күні кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М басқаруымен «Балалардағы қызылша» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға облыстық фтизиопульмонология орталығының дәрігерлері – балалар инфекционистері, резидент– инфекционистер, интерндер – 613 және 614 топтағы ЖТД қатысты.
Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі Эфендиев И.М кіріспе сөз сөйледі.
Еуропа мен Орталық Азия елдерінде қызылша ауруы өткен жылмен салыстырғанда 2023 жылы 30 есе өсті. Қазақстан қызылшамен ауыратындар саны бойынша әлемде бірінші орында. Бұл туралы ЮНИСЕФ хабарлады, деп хабарлайды 24KZ. Ұйым Қазақстанда 100 мың адамға орташа есеппен 69 аурудан келетінін атап өтті.
Қызылша-РНҚ құрамды қызылша вирусымен шақырылатын, ауа-тамшылы жолмен берілетін, жедел жұқпалы ауру. Клиникада қызба, интоксикация, катаральды-респираторлы синдром және тері жабындыларында этапты түрде ірі-дақты папулезді бөртпе шығумен, кейін бөртпе пигменацияланып, қабыршақтанумен аяқталады. Қызылшаның арнайы профилактикасы ҚҚП қарсы екпесі.
Кафедра ассистенті Смаилов Е.С . «Балалардағы қызылша, этиология, эпидемиология, клинико-лабораторлық диагностикасы мен емі және профилактикасы » тақырыбында баяндама жасады.
Соңында семинарға қатысушылар сұрақтарын қойып, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы:
Эфендиев И.М., Смаилов Е.С[/vc_column_text]