ЖАОК әзірлеу бойынша оқыту аяқталды

ЖАОК әзірлеу бойынша оқыту аяқталды

«Семей медицина университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамының АТ-құзыреттілігін арттыру мақсатында симуляциялық технологиялар және медициналық білім беру кафедрасында ұйымдастырылған «Платформаларда ЖАОК құру және пайдалану» циклі бойынша оқыту аяқталды.

2023 жылғы 4-20 желтоқсан аралығында қызметкерлердің 2 тобы оқытылды, оның ішінде стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасының, балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының және мейірбике кафедрасының оқытушылары. Курсты м.ғ.д. С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының доценті Р.Т. Динжуманова және Жалпы білім беретің пәндер кафедрасының доцент м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты И.С. Мұсатаева өткізді.

Осы циклдің бағдарламасына сәйкес сабақтар барысында тыңдаушылар жаппай ашық онлайн курс құру бойынша өздерінің цифрлық дағдыларын жетілдірді. Оқытушылар Canvas онлайн платформасымен жұмыс істеу бойынша құзыреттіліктер мен практикалық дағдыларға ие болды, өз пәндері бойынша ЖАОК құру үшін платформаның функционалдық мүмкіндіктері мен барлық сервистері зерделенді және қолданылды. Оқытушылар авторлық ЖАОК педагогикалық дизайнын әзірледі. Әр тыңдаушы курс бағдарламасын құрастырды, модульдердің мазмұны ойластырылды, барлық модульдердің мазмұны дайындалды және жүктелді, соның ішінде әртүрлі форматтағы тесттер мен ситуациялық тапсырмалар түріндегі бақылау құралдары. Соңында онлайн курсты апробациялау үшін сілтеме бойынша ұсынылған мазмұнды оқып, тест тапсырып, баға алған студенттер шақырылды.

Тыңдаушылардың пікірінше, әзірленген ЖАОК оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін одан әрі педагогикалық қызметте қолданылатын болады.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Семинарлар