«Әртүрлі жас кезеңдеріндегі остеопороздың таралу қауіп факторларының клинико-эпидемиологиялық сипаттамасы негізінде екі энергетикалық рентген-абсорбциометрия көмегімен сүйек тінінің сандық құрамын бағалау» тақырыбындағы грант жобасы аясында, жоба жетекшісі. КеАҚ «СМУ» радиология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., ассоцирленген профессор Мадиева М.Р., жоба қатысушылар ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ассистенттері Берсимбекова Г.Б. және Канапиянова Г.Б., ересектер мен балалардағы остеопороздық сынықтарды ерте диагностикалау мақсатында 2023 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін Абай облысы аудандарында (Бесқарағай ауданы, Бородулиха ауылы, Борас ауылы) тексеру жүргізілді. Остеопорозды ерте анықтау үшін ВНК қызметкерлері сауалнама, денситометрия жүргізді және осы аудандардың тұрғындарына 25OH D витаминін, жалпы кальцийді және сілтілі фосфатазаны анықтау үшін қан сынамаларын алды. Барлығы 290 адам тексерілді. Біріншілік остеопороз және остеопения жағдайлары ересектерде де, балаларда да анықталды. Бұл науқастар қосымша тексеруге және одан әрі емдеуге жіберілді. 2023-2025 жылдарға арналған гранттық жоба аясынд барлығы 1100 ересек пен 900 баланы тексеру жоспарлануда.[/vc_column_text]