«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»

«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»

26.12.2023 ж кафедра ассистенттері: Рахимбаева С.Ж., Жангалиева Г.М., Абаева К.Д., Шакирова А.А. №4 жатақханада сенбілік іс-шараның жоспары аясында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында іс-шара (дәріс) өткізді. Дәріске осы жатақханада тұратын студенттер (ОМ, стоматология факультеті 1, 2, 3 курс) қатысты.

Салауатты тамақтану – өсуді, оңтайлы дамуды, толыққанды жұмыс істеуді қамтамасыз етіп, денсаулықты нығайтып, аурулардың алдын алатын тамақтану түрі. Дәрісте дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары және тамақтану мен оқу үлгерімі арасындағы байланыс талқыланды. Дұрыс тамақтанудың негізгі құрамдас бөліктері көмірсулардың, ақуыздардың және майлардың балансы, сондай-ақ витаминдер мен минералдардың маңыздылығы болып табылады. Дәрістен кейін кері байланыс жүргізілді, бұл студенттерге сұрақтар қоюға, пікір алмасуға және алған әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік берді.

Қорытындылай келе, салауатты тамақтану дегеніміз – салауатты өмір сүру және жастық шақтың ұзаруы екенін айтқымыз келеді. Сондықтан дұрыс тамақтану әрбір адам үшін өте маңызды! Дұрыс емес, бұрыс тамақтану денсаулыққа қауіп төндіреді.

26.12.2023ж. Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: