Халықаралық конференция

Халықаралық конференция

2023 жылдың 21-22 желтоқсан аралығында Семей медицина университетінің балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы және Е.И.Шварц атындағы молекулярлық медицина, медициналық және зертханалық генетика саласындағы мамандар қауымдастығы қызметкерлерімен  «Орфандық аурулардың клиникалық маскалары. Лизосомалық ауруларды ерте диагностикалау, емдеу және реабилитациялаудың өзекті мәселелері» атты Семей медицина университетінде  халықаралық конференция өткізілді. Конференцияны КеАҚ «Семей медицина университетінің» Басқарма Төрағасы-Ректор, профессор А.А. Дюсупов ашты.  Конференцияға қатысушыларды құттықтаған Алтай Ахметқалиұлы баршаға шығармашылық табыс, жемісті еңбек және алға қойған мақсаттарға жету жолындағы қиындықтарды жеңуін тіледі, сондай-ақ бүгінгі Конференцияны дайындауға қосқан үлестері үшін барлық серіктестерге алғысын білдірді. Сондай-ақ құттықтау сөз сөйледі: Валентина Ильинична Ларионова, м.ғ.д,. И.И. Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университетінің профессоры., Е.И. Шварц атындағы  молекулярлық медицина, медициналық және зертханалық генетика саласындағы мамандар қауымдастығының президенті., Татьяна Борисовна Уржумцева, Ресей Федерациясы Елшілігінің Бірінші хатшысы, Бейжіңдегі Орыс мәдени орталығының басшысы, Е.И. Шварц атындағы  молекулярлық медицина, медициналық және зертханалық генетика саласындағы мамандар қауымдастығының халықаралық байланыстар комитетінің басшысы. Е.И. Шварц., Алексей Викторович Силин, И.И.Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университетінің Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орнының халықаралық және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры., Тоқтабаева Бақыткүл Жұмағалиқызы, КеАҚ Семей медицина университетінің  балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі. Конференция екі күн бойы өтті.  Қазақстандық және халықаралық спикерлер баяндама жасады. Конференцияның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің тұқым қуалайтын ауруларын ерте диагностикалау және емдеу саласындағы озық тәжірибелер мен білімдермен алмасу.Конференция аясындағы бірлескен жұмысымыздың нәтижелері ілгерілеуге ғылыми зерттеулер жүргізуге, нәтижелі жұмысты ынталандыруға ықпал ететініне сенімдіміз.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]