15-16 желтоқсан аралығында Самарқанд қаласы, Самарқанд Медицина университетінің ұйымдастыруымен Медицина Жоғары Оқу орындарының студенттері арасында IV Халықаралық “Самарқанд – 2020” атты медициналық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға әлемнің 40 қа жуық медицина университетінің командалары қатысып, бақ сынасты. Осы олимпиадада университетіміздің намысын қорғаған жалпы медицина мамандығының 5 курс студенті Сағындықова Гүлнұр Жәнібекқызы “Балалар ауруларының пропедевтикасы “ пәні бойынша III орынға ие болды. Жетекшісі: Токтабаева Бакыткуль Жумагалиевна., м.ғ.к., балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының менгерушісі. Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз![/vc_column_text]