«Сөзбен емес, ісіңмен көрсет», – деген ұранмен балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенттері Рахимбаева С.Ж., Смагулова А.Е. және «Педиатрия» мамандығынын 2432 және 3301 кураторлық топтардың студенттері балалар үйіне барды. Онда барудың негізгі мақсаты ата-анасының қарауынсыз қалған, жетім балаларға қайырымдылық көрсету. Студенттер мен оқытущылардың бірегей күшімен канцеляриялық құралдар, жөргектер жіне балалар күтіміне арналған заттар алынды. Бұл кездесу студенттерге де септігін тигізді, себебі жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына негізделген ізгі мәдениетті қалыптастыру қазіргі заманның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Балаларды оқытуға және олардың күтіміне қажетті заттарды алуға көмек көрсетуге ат салысқан үшін Балалар Үйі қызметкерлері ризалық білдірді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]


