2023-жылдың 14-желтоқсанында Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және реабилитациялау орталығында қызмет атқару, денсаулық пен өмір сүруді шектеудің халықаралық жіктеуінің (ҚХЖ) негізгі ережелері бойынша оқыту сағаттары өтті.
Аталмыш шараны өткізуге Астана қаласынан мамандар, атап айтқанда “Аст-Астана әлеуметтік технологиялар” ҚБ басшысының орынбасары, Астана қаласы бойынша ҰАТ мүшесі, ымдау тілі маманы Мавланова Динара Курмановна және жоғары санатты реабилитолог дәрігер, АМУ спорттық медицина және оңалту кафедрасының ассистент тәлімгері, Астана қаласы IVP Clinic оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Хасенова Айгуль Хайруллаевна келді. Қонақтардың іс-сапар себебі оқыту сағаттарын өткізу және тәжірибемен алмасу. Өз білімдерін толықтыруға Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. Алимбаева А.Р бастауымен кафедра оқытушылары Дәулетжарова Ж.Қ, Назарбекова М.С, реабилитолог-резиденттерімен қатар орталықтың денсаулық сақтау және педагогика саласының мамандары да қатысты. Оқыту барысында ҚХЖ презентация түрінде толық түсіндірілді. Қызмет атқару, денсаулық пен өмір сүруді шектеудің халықаралық жіктеуінің Аурулардың Халықаралық Жіктеуінен (АХЖ) айырмашылықтары, артықшылықтары жайлы айтылып, ҚХЖ мен АХЖ бірін-бірі толықтырып, бірге қолданылуының тиімді тұстары көрсетілді. Теориялық бөлім аяқталғаннан кейін орталықта қызмет алушыларды Айгуль Хайруллаевна қарап тексеріп, өз ұсынымдарын жеткізді. Оқыту соңында жиналған мамандардар арасында пікір алмасып, туындыған сұрақтарға жауаптар берілді. Бұл шара кафедра резиденттері үшін ҚХЖ-ның артықшылықтары, тәжірибедегі маңызы жайлы өз білімдерін толықтыруға өз септігін тигізді. Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және реабилитациялау орталығының білім және тәжірибе алмасу мақсатында жасап жатқан мүмкіндіктеріне өз алғысымызды білдіреміз.
1-курс резиденті Нургазина Ақбота Алмасқызы.[/vc_column_text]