2023 жылдың 20 желтоқсан күні «Семей медицина университеті» КеАҚ білім алушылары арасында, Семей қалалық ІІБ ювеналды полиция басқармасының инспекторы, полиция майоры Бекишева Алия Алиевна және Семей қаласының Орталық ОПП ОҚПБ бастығының орынбасары полиция капитаны Ибраимов Айдын Еркингазиевичтың қатысуымен харассмент , тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыптарында түсіндірме жұмыстары бойынша студент қыздар арасында дәріс өтті.
Іс-шараның мақсаты: Президентіміз айтып өткендей «Әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің батыл түрде жолын кесу керек». Осы орайда, білім алушылар арасында харассментке ұшырау фактілерінің алдын алу болып табылады.
Іс- шара барысында құқық қорғау орган өкілдері білім алушы қыздарымызға харассмент ұғымы жөнінде және оның айқын көріністері туралы анықтама берді. Харассмент, тұрмыстық зорлық–зомбылық фактілері орын алған кезде, заң жүзінде жүзеге асырылатын іс-әрекеттер туралы ақпарат беріліп, байланыс номерлерімен бөлісті. Іс-шара соңында білім алушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алып, өз ойларын да ортаға салды.[/vc_column_text]