2023 жылдың 15-16 желтоқсанында Самарқанд мемлекеттік медицина университетінде (Өзбекстан Республикасы) медицина университетінің студенттеріне арналған дәстүрлі IV халықаралық «Самарқанд-2020» олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь Республикасы, Түркия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қазақстан және т.б. 20-дан астам медициналық университеттер мен ғылыми-практикалық орталықтар қатысты.
Пәндік бағыттар бойынша байқау 2 кезеңде өтті: бірінші кезеңде қатысушылар теориялық білімдері бойынша тестілеуден өтіп, екінші кезеңде әртүрлі ситуациялық және практикалық есептерді шешуде өздерін дәлелдеулері керек болды. Олимпиада жұмысы Zoom платформасында жеке және онлайн түрде өткізілген жалпы медициналық және стоматологиялық секциялармен таныстырылды.
«Самарқанд-2020» IV халықаралық пәндік олимпиадасының «Микробиология» секциясы қорытындысы бойынша фармация факультетінің 3 курс студенті Абжатова Еркежан ІІІ орынды иеленді. Жалпы медицина факультетінің 3 курс студенттері Аннабердиев Нұрхан мен Мырзабекова Айын онлайн режимде сол секцияларға қатысып, «Олимпиадаға қатысқаны үшін» сертификатын алды.
Университетіміздің намысын қорғаған олимпиада жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз!!!
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]