Заманауи медициналық білім беру бағдарламаларында тәлімгерліктің рөлі аса маңызды. Мамандандырылған медициналық мекемеде тәжірибелі тәлімгермен жұмыс істеу жас мамандарға қажетті кәсіби құзыреттілікке қол жеткізе отырып, теориялық білімдерін нақты тәжірибелік жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді.
«Семей медицина университеті» КеАҚның «Ересектер және балалар нефрологиясы» резидентурада білім беру бағдарламасы бойынша бірнеше клиникалық мекемелермен келісім бекітілді. «Семей қаласының бүйрек орталығы» мекемесі (клиникалық тәлімгерлер – директор Медеуов Д.М., нефрология бөлімінің меңгерушісі Оролтаева В.Д.), «BBNura» ЖШС өкілдігі «Семей қаласындағы нефрология және эфферентті терапия орталығы» (клиникалық тәлімгер – аймақтық директоры Азимбаева И.М.), Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының нефрология бөлімі (клиникалық тәлімгер – нефрология бөлімінің меңгерушісі Назыров Ш.В.), №1 Павлодар қалалық ауруханасы нефрология бөлімі (клиникалық тәлімгер – нефрология бөлімінің меңгерушісі Каримова Ж.А.) Бөлімдерде апта сайын өтетін тәлімгерлер мен резиденттердің бірлескен қараулары клиникалық ойлау тәжірибесінде баға жетпес нәтиже береді. Жас мамандар тәлімгерлерден кері байланыс алу арқылы диагноз қойып, пациенттердің емдеу тактикасына қатысты шешім қабылдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.
Құзыретті тәлімгерлік шығармашылық, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті маманды дамытуға мүмкіндік береді.
Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы[/vc_column_text]