АВА-терапияны тәжірибеде қолдану бойынша оқыту

АВА-терапияны тәжірибеде қолдану бойынша оқыту

2023-жылдың 29-желтоқсанында Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және реабилитациялау орталығында АВА-терапияны тәжірибеде қолдану бойынша оқыту сағаттары өтті. Аталмыш шараға өз дәрісін оқу мақсатында Канада мемлекетінен сертификатталған Халықаралық мінез-құлық талдаушысы, инклюзивті білім беру бойынша сарапшы, сертификатталған мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша білім беретін “AzbukaABA” курстарының негізін қалаушы және директоры Зухра Измайлова-Камар келді. Зухра ханымның іс-сапар себебі оқыту сағаттарын өткізу және тәжірибемен алмасу. Өз білімдерін толықтыруға Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. Алимбаева А.Р бастауымен кафедра оқытушылары Дәулетжарова Ж.Қ, Назарбекова М.С, реабилитолог-резиденттерімен қатар орталықтың денсаулық сақтау және педагогика саласының мамандары да қатысты. Дәрісті Абай облысының “AMANAT” партиясы атқарушы хатшысы Ысқақов Сейілбек және Семей қаласы мәслихатының депутаты,
Семей қаласы мәслихаты жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, “Аманат” партиясы фракциясы басшысының орынбасары, “Семей-Хиросима”ҚҚ құрылтайшысы Мулдагалиева Шолпан Сапаровна құттықтау сөзбен бастады. Оқыту барысында Зухра Измайлова-Камар “АВА қағидаттарын білім беру және әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың және даму ерекшеліктері бар халықты тиімді оқытудың кілті ретінде қолдану . Білім беру және әлеуметтік қорғау жүйесінде инклюзивті білім беруді қолдаудағы маманның рөлі”және “Ыңғайсыз оқушы. Мектептегі проблемалық мінез-құлқы бар балаға қалай көмектесуге болады. Жұмыс стратегиялары: қарапайымнан жоғары кәсіпті маманға дейін” тақырыптарында дәріс оқыды. Оқыту соңында жиналған мамандардар арасында пікір алмасып, туындыған сұрақтарға жауаптар берілді. Бұл шара кафедра резиденттері үшін АВА-терапияның артықшылықтары, тәжірибедегі маңызы жайлы өз білімдерін толықтыруға өз септігін тигізді. Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және реабилитациялау орталығының білім және тәжірибе алмасу мақсатында жасап жатқан мүмкіндіктеріне өз алғысымызды білдіреміз.
1-курс резиденті Нургазина Ақбота Алмасқызы.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]