«Балалар хируриясы» мамандығы бойынша резидентурадағы клиникалық тәлімгердің рөлі

«Балалар хируриясы» мамандығы бойынша резидентурадағы клиникалық тәлімгердің рөлі

Травматология және балалар хирургиясы кафедрасында «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша небәрі 14 резидент оқиды, оның 8-і бірінші курстың резиденттері; 2 курста – 5 резидент және 3 курста – 1 резидент.

Балалар хирургия резиденттерінің клиникалық тәлімгерлері біліктілігі жоғары санатты балалар хирургтары болып табылады: Семей қаласында КеАҚ «СМУ»  УГ клиникалық базасында – м.ғ.к., кафедра ассистенті Аубакиров Маратбек Токанович және кафедра ассистенті Жаркимбаева Альмира Далелевна; Өскемен қаласындағы «Ана мен бала орталығының» клиникалық базасында – балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Рахымжанов Қайрат Кусманович; Павлодар қаласында облыстық балалар ауруханасының клиникалық базасында – балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Рамазанов Ерлан Амангельдинович.

Резиденттер клиникалық тәлімгерлердің жетекшілігімен жоспарлы және шұғыл науқастарды қабылдайды, клиникалық тәлімгерлердің бақылауымен абдоминалды, урологиялық операцияларды, тірек-қимыл аппаратына репозицияларды және басқа да операцияларды жасауға көмектеседі және жасайды, таңу және емдеу бөлмелерінде жұмыс істейді, таңғы медициналық конференцияларда есеп береді, хирургия бөлімшесінің меңгерушісінің жалпы қарауына қатысады, «Бірыңғай медициналық ақпараттық жүйеде» медициналық құжаттамамен жұмыс жасау және бөлімшеде апта сайынғы кезекшілікті жүргізеді.

Сондай-ақ, ІІ және ІІІ курс резиденттері клиникалық тәлімгерлердің жетекшілігімен перитонитпен асқынған деструктивті аппендицит, өкпенің бактериялық деструкциясы; пневмоторакс; уретраның травматикалық жарылуы; іштің жарақаттары; ашық және жабық сынықтар сияқты диагнозы бар ауыр науқастарды емдеуге белсенді қатысады;

Оқытудың бірінші жылының резиденттері жоғары оқу жылындағы резиденттердің және клиникалық тәлімгерлердің тәжірибесін қабылдайды.

Балалар хирургиясындағы клиникалық тәлімгердің рөлі тәжірибелі маманнан – тәжірибесі аз маманға, аға буыннан – жас маманға білім мен дағдыларды берудің ажырамас құралы болып табылады. Ұтқыр, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті дәрігерді дайындау үшін тиімді клиникалық тәлімгерлік және тәжірибені пайдалану – балалар хирургының болашақ клиникалық жұмысындағы табыстың кепілі болып табылады.

 [/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқушылар