Кішкетай реабилитанттармызға Жаңа жылдық ертеңгілік

Кішкетай реабилитанттармызға Жаңа жылдық ертеңгілік

Реабилитация саласында ең негізгі қызметалушылар жас балалар болып саналады. Кейбірі өмірінің алғашқы айларынан бастап көп уақытын ЛФК залда өткізеді. Сондықтан, ерекше сәбилеріміз басқалардан қалыс қалмау үшін мейрамдарын есте қаларлықтай жоғары дәрежеде өткізуге тырысамыз.
Қазіргі уақытта біздің Д.М. Түсүпова атындағы педиатрия және реабилитология кафедрамыздың врач-резидент реабилитологтар ДРЦ “Тоқтамыс” және “Абай облысы мүгедектігі бар адамдарға арналған абилитациялау және оңалту орталығы” базасындағы кафедраларда тәжірибе алуда. Жаңа жыл қарсаңына сәйкес келгендіктер барынша ұйымдастыруға ат салысты. Аталған орталықтарда балаларға арналған мейрам ұйымдастырылды. Оларға шырша құрылды, аниматорлар қойылым қойды, сыйлықтар таратылды. Жаңа жылға реабилитациялық орталықта ем алып жатқан балалар және ата-аналары қатысты. Олар өздерінің жақсы уақыт өткізіп, керемет көңіл-күй алғандарын айтып алғысын білдірді.
Болашақ дәрігерлер дәріс уақытанан бөлек, кафедра және оқу базаларының өмірінде көмек көрсетіп жүреді. Бұл олар үшін үлкен тәжірибе, эмпатияны арттырады және науқастардан алғыс алып алдыға қарай талпыныстарын арттырады.

Резидент-реабилитолог 1 курса Хасенова Балнұр Нұрланқызы[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқушылар