2023 жылдың 26 желтоқсанында «Жалпы медицина» мамандығының 2508 тобының кураторы Г.Д.Мукашева студенттермен «Қауіпсіз Жаңа жыл» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Куратор сағатының мақсаты: пиротехникалық заттарды қауіпсіз пайдалану ережелерін зерделеу; күйік түрлерімен және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерімен таныстыру, сақтыққа, көңіл бөлуге, өзінің және басқалардың денсаулығына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Алда бізді қысқы демалыс күтіп тұр. Бұл мерекелермен тұспа-тұс келетін қуанышты уақыт. Бұл күндер апаттың көлеңкесінде қалмауы үшін өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға ерекше назар аударып, пиротехникалық құралдарды пайдалану ережелерін сақтау қажет.
Студенттерге осы тақырып бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді. Олар да өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.