Шетелдік студенттермен жұмыс жасайтын мектептің ұсынысы бойынша, Шетелдік студенттердің кері байланысы негізіне клиникалық кафедраларда қыстық мектеп жүргізу ұсынылды.
Ішкі аурулар және ревматология кафедрасында шетелдік бөлімнің 4,5 курс студенттеріне арналған “Клиникалық тәжірибе” қысқы мектебі 08.01-13.01.2024 ж. аралығында басталды, кафедраның жауапты меңгерушісі А. Ш. Қасқабаева, завучы Ж.Е. Муздубаева және ассистент Ю. В. Петрова силлабус, тарату әдістемелік материал – ауру тарихының сызбасы, медициналық терминологиялық сөздік дайындалды. Қысқы мектепті өткізу шетелдік бөлімшенің жоғары курс студенттерінің клиникалық және тілдік құзыреттерін жақсартуға мүмкіндік береді. Студенттер науқастарды клиникалық тексеру, терапевтік науқастың ауру тарихын жазу дағдыларын меңгереді, қарым-қатынас дағдыларын жақсартады. Қысқы мектеп КеАҚ «СМУ» университеттік госпиталінің кардиоревматологиялық, гастроэнтерологиялық бөлімшелері және БОО нефрологиялық бөлімшесі базасында өткізіледі.
Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы[/vc_column_text]