Жаңа жыл – айналадағы үлпілдек ақ қар, шырша инелерінің иісі, түрлі-түсті ойыншықтар мен мишуралардың жарқырауымен, сыйлықтармен, сонымен қатар сәнді Аяз ата мен сүйкімді Ақшақармен қарсы алатын біздің ең сүйікті мерекелеріміздің бірі. Біз оны көп күтеміз, ал 31 желтоқсанда сағат тілі түн ортасын соққанда, келер жылға қуанып, жақсы күндерге үміт артып, кеткен жылды мұңая шығарып саламыз. Жаңа жыл – жақсы ертегілер мен сиқырлар әлемін ашатын ең жұмбақ мереке. Сенгіш бүлдіршіндер, «менмен» жасөспірімдер, байсалды ересектер, ата-әжелер – барлығы мерекеге дейінгі минуттарды санап, тілектерін айтып, сыйлықтарын беруде. Дәл қазір барлығымыз тағдырдың жазуымен балалар үйіне түскен балалар туралы ойланайық. Бұл балалар Жаңа жылды, Аяз Атаны асыға күтуде, үміт пен сеніммен тілектерінің орындалуын күтуде! Олардың армандарының орындалғанын қалаймыз!
Сонымен, 2023 жылдың 30 желтоқсанында «Семей медицина университеті» КеАҚ балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенттері Койшыбаева К.Ж., Жангалиева Г.М., Абаева К.Д., Тугелбаева А.М. кураторлық топтармен (3303, 3302, 3405 топ-педиатрия, 3122 топ жалпы медицина мамандығы) оқудан тыс уақытта еріктілердің іс-шаралар аясында Жаңа жыл қарсаңында туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі балаларды қабылдайтын «Семей қаласының мамандандырылған балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорында болдық. Балалар үйінің ұжымы бізді жылы шыраймен қарсы алып, бүлдіршіндермен кездесу ұйымдастырды. Шағын ертегі қойылымы ұсынылды, одан кейін балаларға сыйлықтар (жемістер, түрлі ойыншықтар, т.б.) таратылды.Мұндай игі іс жас ұрпаққа жақсы үлгі болады деп ойлаймыз.
Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы[/vc_column_text]