18 қыркүйекте Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Койшыбаева К.Ж. «Педиатрия» мамандығы , 3303 топ студенттерімен кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық топ 2023-2024 оқу жылына арналған ішкі тәртіп ережелерімен танысты:
1.Академиялық саясат
2.Пән саясаты
3.Академиялық адалдық саясаты
4.Ішкі тәртіп ережелері
5.Студенттердің этикалық кодексі.
2023-2024 оқу жылына арналған жаңартылған ішкі тәртіп ережелерінде пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін студент 90% сабаққа қатысуы қажет.
Студенттер ішкі тәртіп ережелерін, студенттердің этикалық кодексін және университеттің тәртіп саясатын қатаң сақтауы керек. Студенттер университеттің жаңа ережелерімен танысты.