“ExDiaCare: қант диабеті бар науқастардың күтіміндегі үздік тәжірибелер” қысқы мектебі

“ExDiaCare: қант диабеті бар науқастардың күтіміндегі үздік тәжірибелер” қысқы мектебі

Мейіргер ісі кафедрасында 8 қаңтарда шетел бөлімінің 3 курс студенттеріне  “ExDiaCare: қант диабеті бар науқастардың күтіміндегі үздік тәжірибелер” қысқы мектебін басталды. Қысқы мектепті ұйымдастыруға жауапты  кафедра ассистенттері  Ж.Т.Жетмекова және Д.Ш.   Шагиева.

ExDiaCare: Қант диабетімен ауыратын науқастар күтіміндегі үздік тәжірибелер”қысқы мектебінің мақсаты  аурудың алдын алу, бірлескен және клиникалық ойлау дағдыларын дамыту және қант диабетімен ауыратын науқастарға күтім жасауда маңызды практикалық дағдыларды меңгеру туралы түсінікті жақсарту болып табылады.
Қысқы мектеп барысында студенттер  теориялық негіздерді және қандағы қант деңгейін анықтау үшін глюкометрді пайдалану, инсулин енгізуді үйрену және қант диабетінің асқынуларын алдын алу сияқты практикалық дағдыларды меңгеру жоспарланған.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқу процесі