Академиялық ұтқырлық бағдарламасы белгілі бір уақыт ішінде мемлекетішлік немес шетелдік басқа оқу немесе ғылым мекемесінде терең білім алу мен тәжірибе алмасу мақсатымен оқуға мүмкіндік береді. 2024 жылдың 09 қаңтарынан бастап Алтай мемлекеттік медицина университетінде «Семей медицина университеті» КеАҚ ішкі аурулар және ревматология кафедрасының доцентінің м.а. Шаханова А.Т. ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып 31.05.01 «Емдеу ісі» мамандығының 5 курс студенттері үшін академиялық ұтқырлық аясында «Госпиталды терапия, эндокринология» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарды жүргізе бастады. Сабақтар онлайн форматта Zoom арқылы өткізілуде. Сабақтар 16.01.2024 жылға дейін жалғасады. Сабақтарда асқорыту жүйесінің әртүрлі ауруларының этиологиясы, патогенезі, классификациясы, салыстырмалы диагностикасы, ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер мен емі талданады. Студенттер сабаққа белсенді қатысады, қызықтыратын сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.
Ішкі аурулар мен ревматология кафедрасы