Назарбаев Зияткерлік мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмысы

Назарбаев Зияткерлік мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмысы

Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу мақсатында, 10.01.2024 ж.,  Қабылдау комиссиясы және Medical Foundation бөлімінің  қызметкерлері Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне барып, 11-12 сынып оқушыларымен кездесті.

Оқушылардың назарына Семей медицина университетінің қызметі мен дамуы, оның білім беру, ғылыми және инновациялық әлеуетінің қарқынды өсуі, мамандар даярлайтын мамандықтар туралы бейнеролик ұсынылды. Мектеп оқушылары университет тарихымен және оның қалыптасуының маңызды кезеңдерімен егжей-тегжейлі таныстырылды.

Кездесу барысында Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды: білім беру бағдарламаларының тізімі, академиялық ұтқырлық, мемлекеттік гранттарды бөлу және т.б.

Іс-шара мектеп оқушыларының жанды және танымдық қызығушылығын тудырды.

Кездесу соңында Қабылдау комиссиясы және Medical Foundation бөлімінің қызметкерлері мектеп оқушыларына Семей медицина университетіне  оқуға түсу туралы ақпараты бар буклеттерді таратты.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]