Неврологтар клубының екінші отырысы

Неврологтар клубының екінші отырысы

2024 жылдың 11 қаңтарында «МУС» ҰАҚ Университетінде «Шашыранды склерозды емдеудегі өзекті мәселелер» атты тақырыпта неврология бойынша журнал клубының кезекті отырысы өтті. Бұл іс-шараны неврологиялық бөлімшенің дәрігерлеріне, оқу орнының 1-2 курс резиденттеріне арнап, неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының ассистенті А.А. Биниязова ұйымдастырды.

Резидентураның 2 курс студенті Н.А.Филиппова әртүрлі санаттағы науқастарда шашыранды склероз өршуін емдеу және заманауи халықаралық ұсыныстарға сәйкес шашыранды склероз ағымын өзгертетін препараттармен(ШСАӨП)  емдеу тақырыбына баяндама жасады. Баяндалған ақпараттың маңыздылығы бүгінгі күні өте өзекті, себебі Қазақстан Республикасының ШС диагностикасы мен емделуінің клиникалық хаттамалары жақында жаңартылды, және олар соңғы халықаралық ұсыныстарға сай ұсынылады. Баяндамада негізінен әрбір препараттың қасиеттері және ШСАӨП тағайындау принциптері қарастырылды. Кейін қатысушылар арасында терапияның тиімділік критерийлері, пациенттердің инновациялық препараттарға қолжетімділігі және басқа да практикалық аспектілер бойынша қызу пікірталас жүргізді. Журнал клубының қатысушылары бұл іс-шараның ақпараттық және танымдық маңызы зор екенін атап өтті.

Неврология, офтальмология және оториноларингология бөлімшесі, 2 курс резиденті Мадина Жанаспаева.

Жарияланды:
Рубрикалар: Дөңгелек үстелдер