29.12.2023 ж. КЕАҚ “МУС ” оқу базасы ЖМКК “Венера”-да Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті А.А. Шакирова және оның кураторлық 3124 тобы жаңа жылға арналған мерекелк іс-шара ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараның мақсаты осы емдеу мекемесінде стационарлық ем алып жатқан қызметкерлер мен балалар үшін жаңа жылдық мереке өткізу болды.
Іс-шара барысында 3124 топтың студенттері Аяз Ата, Ақшақар және жылдың иесі Айдаһар болып киініп, емдеу мекемесінің қызметкерлеріне арналған ойындар мен әндер ұйымдастырды. Қызметкерлер өлең оқыды, ән шырқады, шыршаның айнала жаңа жылдық мереке кейіпкерлерімен би биледі. ЖМКК “Венера” директоры Н.М. Турдина өзінің қорытынды сөзінде қызметкерлерге арналған жаңа жылдық мерекені өткізгені үшін барлық ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдірді. Мереке өткізілгеннен кейін студенттер бөлімге көтеріліп, аналар мен балаларды құттықтап, кішкентай жұмсақ ойыншықтар түрінде естелік сыйлықтар табыс етті. ЖМКК “Венера”-да стационарлық ем алып жатқан балалардың аналары балаларының жаңа жыл батырларымен естелік фотосуреттерін түсіріп, студенттерге тосынсыйлар мен мерекелік көңіл-күй сыйлағаны үшін рахмет айтты.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]