2023 жылдың 14 қарашасында Абай атындағы театрда «Семей медицина университеті» КеАҚ Шетелдік студенттермен жұмыс істеу мектебінің студенттері Дивали мерекесіне арналған кеш өткізді.
Дивали – үнділердің басты мерекесі болып саналады. Дивали «Шырақтар фестивалі» ретінде тойланады. Жақсылықтың жамандықты, жарықтың қараңғылықты жеңетін күні деп аталады. Шетел бөлімінің студенттері ұлттық әндерді орындап, би билеп, өз халқының салт-дәстүрімен таныстырды. Биылғы жылғы мерекеге Медицина мектебінің қызметкерлері, оқытушылар, шетелдік топ кураторлары қатысты.
Студенттердің рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту аясында кураторлық топпен бірге фестивальге ОМ 431 тобының кураторы Тугелбаева Айгүл Маулетбаевна да келді. Рухани-адамгершілік тәрбиенің мақсаты адамның жан-жақты дамуы жағдайында оның рухани-адамгершілік дамуы болуы керек. Ұлттық мәдениетті меңгеру және ұлттық бірегейлік, ұлттық мақтаныш, ұлттық қадір-қасиет сезімін тәрбиелеу, басқа халықтар мен олардың мәдениеттерін құрметтеуге, олармен жемісті қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.[/vc_column_text]