«Қызылша» тақырыбы бойынша семинар

«Қызылша» тақырыбы бойынша семинар

Күнделікті қызылшамен ауыратындар азайғанымен, жағдай шиеленісіп отыр. 2023 жылдың желтоқсан айының ортасында Қазақстанда қызылшаның 22 мың жағдайы тіркелгені, оның 17 мыңнан астамы балалар арасында екені хабарланған болатын. 2024 жылдың 18 қаңтарында жалпы тәжірибелік дәрігерлер кафедрасының PhD профессоры Шалгумбаева Г.М. . және ЖТД кафедрасының ассистенті Сайдуалиев Д.Н. жетекшілігімен, «Отбасылық медицина» мамандығының 2 курс резиденттері: Мұжанова А.С., Сакенов Е.Т., Мырзекенова Т. Е. Семей қаласының №30 орта мектебінде 8 сынып оқушылары арасында «Қызылша» тақырыпта семинар өткізді. Спикерлер аурудың клиникалық көрінісін, кезеңдерін және алдын алу шараларын қарастырды. Сондай-ақ спикерлер  инфекциямен күресудің шешуші, қолжетімді және тиімді әдісі вакцинация екенін тағы бір мәрте атап өтті. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар![/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Семинарлар