Құрметті әріптестер!
2024-2026 жылдарға арналған ПОҚ ғылыми стартап жобаларын ішкі гранттық қаржыландыруға конкурс жарияланды.
Ғылыми-педагогикалық кадрлардың ғылыми стартап жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс туралы Ережемен тіркелген құжатта танысуға болады.
Өтініш беру үшін sec@smu.edu.kz поштасы ашық, оған өтініш беруші корпоративтік поштаны көрсете отырып, өтінім жібереді. Қатысуы расталғаннан кейін ҒСК хатшысы конкурстық құжаттама файлдарымен толтыру үшін папкаға қол жеткізуді ашады.
Құжаттар 2024 жылдың 6 ақпанына дейін қабылданады.
Берілген құжаттарға ресми сараптама 2024 жылғы 8 ақпаннан бастап жүзеге асырылады.
Қосымша ақпарат алу үшін «СМУ» КеАҚ бас ғимаратының 121 кабинеті немесе 87052638828 телефоны бойынша ҒЗБ жобалық менеджері Тогжан Ардаковна Ахмадиеваға хабарласуға болады.