«Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі» атты конференцияға шетел студенттерінің қатысуы

«Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі» атты конференцияға шетел студенттерінің қатысуы

2023 жылдың 20-21 желтоқсан айында Семей қаласындағы Nazarbayev Intellectual school-да өткен «Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі» атты конференцияға «Семей медицина университеті» КеАҚ шетел бөлімінің 5 курс білім алушылары Khattak Imama және Sindhu Haram Majid қатысты.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі» конференциясы жыл сайын 8 жыл бойы өткізіледі. «БҰҰ моделі» білім алушыларға Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Адам құқықтары 2023 жылдың басты тақырыбына айналды. Конференцияға қатысушылар 15 елдің атынан қатысты. «СМУ» КеАҚ білім алушылары Германия мен Бразилия атынан қатысты. Конференция жұмысының нәтижелері бойынша Khattak Imama «Үздік делегат» және «Сұрақ шебері» номинациялары бойынша марапатталды.

Мұндай іс-шараға қатысу таным шекарасын кеңейтуге, өз қабілеттерін зерттеулерде, көпшілік алдында сөйлеуде, топтық жұмыста қолдану, қауіпсіз және құрылымды ортада келіссөздер жүргізуге тамаша мүмкіндік береді.