“ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ ЕҢ ЖАҚСЫСЫН АШАТЫН ЖОЛ”

“ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ ЕҢ ЖАҚСЫСЫН АШАТЫН ЖОЛ”

01.11.23-30.12.2023 ж. аралығында Оңтүстік Орал мемлекеттік медицина университетінің базасында Ресей, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения және Қырғызстанның 82 медициналық жоғары оқу орындары мен факультеттерінен 1511 білім алушы қатысқан “Армандаған мамандық” Халықаралық қатысуымен Бүкілресейлік онлайн-олимпиада өтті. Аталған халықаралық жарысқа “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының студенттері: Жақсыбаева Сания, Сайлауғалиева Фарида, Скрипников Данил (301 топ), Кабиденова Ләззат (401 топ) қатысты.

Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің құрамына қоғамдық денсаулық кафедрасының профессоры Ш. Е. Тоқанова, доцент Ш. М. Тоқешева кірді.

Олимпиаданың бірінші кезеңінде – тестілік бақылау – біздің барлық қатысушыларымыз жоғары балл жинап, әртүрлі мамандықтағы медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы мәселелерін жақсы білетіндіктерін көрсетті.

Екінші кезеңнің шарттары бойынша, әрбір қатысушы медицина қызметкерлері арасында кәсіптік және кәсіптік шартталған сырқаттанушылықтың алдын алуға арналған буклет жасауға тиіс болды. Барлық шығармашылық жұмыстарды Ресейдің оқу орындары мен шетелдік жоғары оқу орындарының сарапшылары бағалады. Нәтижесінде 494 қатысушының 442-сі финалға өтті, оның ішінде біздің университет өкілдері де бар.

Олимпиаданың үшінші кезеңінде финалистердің “Армандаған мамандық” тақырыбындағы шығармашылық бейнероликтері жеңіске жету үшін күресті. Жарыстың осы кезеңінде біздің олимпиадашылар өздерінің ерекше шығармашылық қабілеттерін, креативтілігін, сондай-ақ игерілетін мамандықтағы дағдыларын көрсетті.

Біздің талантты және өршіл қатысушыларымыз олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің мүшелері атап өткен профилактикалық бейіндегі пәндер бойынша жоғары білім деңгейін растай отырып, осы жарыста айтарлықтай жетістікке жетті. Барлық балалар атаулы сертификаттар алды; профессор Ш.Е. Тоқанова мен доцент Ш. М. Тоқешеваға сапалы және жедел жұмысы үшін Оңтүстік Орал мемлекеттік медицина университетінің ректоры атынан алғыс жарияланды.

Біздің олимпиадашыларымыздың пікірінше, “бұл ауқымды іс-шара пайдалы және салауатты жарыстың тамаша үлгісі болып табылады. Олимпиада – бұл әрқайсымыздың ең жақсысын ашатын жол!»

 

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының доценті

Токешева Ш. М.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: