25 қаңтарда А.А.Қозбағаров атындағы акушерлік және гинекология кафедрасында ассистенттер Жақсылықова З.К. және Саркучикова Г.Ж. Студенттер арасында алкоголизммен, нашақорлықпен, шылым шегумен күресу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша – ағымдағы топ студенттерімен, сонымен қатар ОМФ тобының 444 және 445 кураторлық топтарының студенттерімен әңгіме өткізілді. Студенттердің профилактикалық әңгімесі тақырып бойынша проблемалық мәселелер мен жағдайларды талқылау түрінде өтті. Негізгі мақсат – оқушыларды салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу.