Ішкі аурулар және ревматология кафедрасында “студенттен студентке”әдістемесінің енгізілуі жалғасуда. Павлодар қаласындағы «ересектер және балалар гастроэнтерологиясы» мамандығының 2 курс резидентi, Аманжолова Г.Е., академикалық тәлімгері профессор Жумадилова З.К. және клиникалық тәлімгері Бендер Н.Р. жетекшілігімен «КВ: Гастроэнтерология» циклі бойынша 6 курс интерндерімен сабақ өткізді. Сабақтар «№3 Павлодар қалалық ауруханасы» базасында өтті. Сабақтар барысында кіріспе тест, интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып жаңа тақырып бойынша жағдайды клиникалық талдау және шағын топтарда жұмыс қолданылды. Тақырыптарды талдау барысында өңештің, асқазанның, бауырдың, ұйқы безінің, өт қабының, ащы және тоқ ішектің маңызды ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша негізгі деректер талқыланды. Әр тақырыпты талдау кезінде студенттің науқаспен жұмысына, әсіресе коммуникативті және науқасты тексеру сияқты практикалық дағдыларға көп көңіл бөлінді. Әр сабақ соңында әрбір студент және сабақ жүргізген резидент кері байланыс берді.[/vc_column_text]