Көшедегі көктайғақақтан сақтану ережелерімен және зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек

Көшедегі көктайғақақтан сақтану ережелерімен және зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек

Қаңтар айының 29 күні профессор Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен 4 курс жалпы медицина студенттерімен бірге Семей білім инновация лицейінде кәсібибағдарлық іш шара ұйымдастырып, көшедегі көктайғақақтан сақтану ережелерімен және зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету тақырыбында кездесу өткізді. Осы жиын барысында кафедрамыздың аға оқытушысы Букатов А.К. көктайғақ кезіндегі сақтық ережелерімен бірге, болатын қауіп қатерлер және осы сәтте туындалатын тірек қимыл аппаратының зақымдалуы жайлы дәріс оқыды. Осы кездесудің жалғасын оқытушы Бикажанова А.Е. студенттерімен бірге зардап шеккен адамдарға қалай жәрдем көрсету керектігін белсенді қатысқан еріктілер көмегімен тәжірибе түрінде орындап көрсетіп берді. Осы жиынға қатысқан 7-11 сынып оқушыларының арасында қызығушылық танытқан балалар көп болды және олар өздерінің болашақтарын медицинамен байланыстырғысы келетіндіктерін айтты.  Кездесу соңынан оқушылар өз қолдарымен алғашқы көмек көрсету дағдыларын орындады. Мектеп әкімшілігі осы шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Осы шараны ұйымдастыруға үлес қосқан 4114 жалпы медицина студенттері: Сағындықов Р., Ерсаин Е., Темірханов М.

Рубрикалар: Категориясыз