Талдықорған қаласының оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысы

Талдықорған қаласының оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысы

Жетісу облысында «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобалық кеңсесі құрылып, пилоттық жүйеде  Талдықорған қаласының мектептерінде ментор қызметі жүзеге асырылып, жылдық жоспарына сәйкес оқушылар арасында кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмыстарын күшейту, еліміздің үздік жоғары оқу орындарына экскурсиялар және университет өкілдерін шақыру арқылы ЖОО таныстыру, нұсқаулықтар беру жоспарланған. Осыған орай, 2024 жылдың 26 қаңтарында өткен кәсіби бағыт-бағдар беру  іс-шарасына  университеттің  Қабылдау бөлімі және MF бөлім бастығы Толеубаева К.С. және әдіскері Ажарова А.К. және де еліміздің басқа университеттері  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Жетісу облысының оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар жүргізу мақсатында іс-шараға қатысты. Қатысушылар: Талдықорған қаласының 8-11 сынып оқушылары және колледж студенттері(400 адам). Қатысушылардың назарына Семей медицина университетінің қызметі мен дамуы, оның білім беру, ғылыми және инновациялық әлеуетінің қарқынды өсуі, мамандар даярлайтын мамандықтар туралы бейнеролик ұсынылып, буклеттер таратылды. Мектеп оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын ала алды.