Ерлігі ұрпаққа үлгі

Ерлігі ұрпаққа үлгі

25 қаңтар 2024 жылы кураторымыз әскери кафедраның  аға оқытушысы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.C.Смаиловтың басшылығымен соғыстың соңғы нүктесін қойған батыр қазақ – Рақымжан Қошқарбаевқа 100 жыл толуына байланысты 3516 топта кураторлық сағат өткізілді.

Студенттері Р. Қошқарбаевтың балалық шағы, соғыс кезіндегі ерлігі, марапаттары, отбасылық жағдайы және соғыстан кейінгі жылдарындағы өмірімен танысты. 17 жасында ғана соғысқа өз еркімен сұралып барғаны студенттерді тәнті етті.

Рақымжан Қошқарбаев  1945 жылдың 30 сәуірінде жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстагқа Жеңіс туын  тіккен болатын.

Рақымжан Қошқарбаев 1988 жылдың 10 тамызында дүниеден өтті. Араға он бір жыл салып, 1999 жылы оған Қазақстанның Халық Қаһарманы атағы берілді.Тек өмірден өткеннен кейін ғана ерлігі мойындалғаны өте өкінішті…

Осындай тәрбие сағаттары  жастардың патриоттық сезімін оятып, ерлікке баулып және тарихымызды ұмытпауға үлкен септігін тигізеді.

Кураторымыз Н.С.Смаиловқа шексіз алғысымызды білдіреміз!

Әскери кафедраның 3516 топ студенттері