Профессор М.М.Уразалин атындағы микробиология кафедрасының волонтерлік жұмысы

Профессор М.М.Уразалин атындағы микробиология кафедрасының волонтерлік жұмысы

Еріктілердің көмегі арқасында жалғызбасты қарттардың өмірі жеңілдеп, қуанышқа кенеледі. Көптеген қарт адамдар денсаулығының шектелуіне байланысты өздеріне дұрыс күтім жасай алмайды.

2024 жылдың 30 қаңтарында профессор М.М.Уразалин атындағы микробиология кафедрасының оқытушылары жалпы медицина факультетінің 3 курс студенттерімен «Семей қаласындағы қарттар мен жалпы мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне» барды. Студенттер қарт адамдарға қан қысымын қалай дұрыс өлшеу керектігін көрсетіп, қан қысымын қалай бақылауда ұстау керектігін түсіндірді.

Әңгімелесу барысында күнделікті өмірде оңай ұстануға болатын кейбір жалпы ұсыныстар берілді. Қарт адамдар өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарға жауаптар алды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Қоғамдық өмір