«Созылмалы шаршау синдромы» тақырыбы бойынша ҚеАҚ СМУ студенттеріне семинар өткізілді

«Созылмалы шаршау синдромы» тақырыбы бойынша ҚеАҚ СМУ студенттеріне семинар өткізілді

2024 жылдың 12 қаңтар айында Семей қаласының жалпы практикалық дәрігер кафедрасында интерндер мен ЖМ 5 курс студенттеріне «Созылмалы шаршау синдромы (СФС)» тақырыбында семинар өтті. Ұйымдастырушылар «Отбасылық медицина» мамандығының 2 курс резиденті Абдилдина Ғайнигүл және клиникалық тәлімгері Теміртасова Ж.О. Ауру 80-жылдардың ортасынан бері белгілі. Содан бері әлемде СШС зардап шегетіндердің саны үнемі өсіп келеді. Бұл негізінен 25 пен 45 жас аралығындағы әйелдер шалдығады (80% мөлшерімен ) Түрлі бағалаулар бойынша, халық арасында СШС таралуы 2% жетеді. Бұл дүниежүзінде шамамен 120-140 миллион адам. Іс-шараға қатысқандар осы аурудың себептерімен, қауіп факторларымен, белгілерімен және диагностикасымен танысты. Осы тақырыпқа қатысты алдын алу шаралар,емдеуге, өмір салтын түзетуге, еңбек және демалыс режимдерін сақтауға кешенді көзқарас бойынша  ұсыныстар берілді.

Рубрикалар: Оқушылар