2024 жылдың 31 қаңтар күні «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының Абай облыстық филиалының Төрағасы Бақтияров Темірлан Мақсатұлы және кеңесшісі Тұрсынғалиев Қуат Болатұлы «Семей медицина университеті» КеАҚ білім алушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Жастардың бойында Қазақстандық патриотизм сезімін және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға ықпал ету, жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдау және іске асыру болып табылады.
Кездесу барысында «Жастар Рухы» Жастар қанатының өкілдері білім алушылар арасында қызықты сұхбат жүргізе отырып, ұйымның жұмыс бағыттары, жаңа жобалары туралы ақпарат берді және алдағы жоспарымен бөлісті. Университетіміздің білім алушыларын қоғамда болып жатқан өзекті мәселерден қалыс қалмай, бәсекеге қабілетті, жаңашыл, белсенді жастар легін құруға шақырды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]



